18 елден келген медицина саласының мамандары шеберлік сыныбын өткізеді

844

18 елден келген медицина саласының мамандары шеберлік сыныбын өткізеді

Астанада классикалық және комплементарлық медицинаға арналған халықаралық конференция басталды, деп хабарлайды 24.kz.

Жиынға әлемнің 18 елінен келген ғалымдар мен медицина саласының мамандары қатысып жатыр. Еуропа медицина қауымдастығы мен халықаралық сауықтыру практикасы мамандары қауымдастығының өкілдері де бар. Бірнеше күн бойы олар жергілікті ғалымдармен пікір алмасып, шеберлік сыныптарын өткізеді. Сондай-ақ жиында медициналық туризм мәселесі де көтерілмек.

Айта кетейік, бұл тақырыпқа арналған конференция ТМД аумағында алғаш рет ұйымдастырылды.

"Дамыған мемлекеттерде классикалық, комплементарлық медицинаны бастағанда Шығыс медицинасынан бастайды", - дейді Жас-Ай медициналық орталығының директоры Жасан Зекейұлы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу