18 гидротехникалық құрылыс жөнделді

172

Қостанай облысында тасқын суды қауіпсіз өткізу үшін 18 гидротехникалық құрылыс жөнделді.   

18 гидротехникалық құрылыс жөнделді Фото: gov.kz

Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сонымен қатар, өңірдің 21 елді мекенін су тасқынынан қорғау үшін бөгет құрылысы аяқталған. Мәселен, Қостанай облысының 9 ауданы мен Рудный қаласында бөгеттер салынған. Ал Жангелдин ауданының Шеген, Сарысу және Тауыш ауылдарында бұл бағыттағы жұмыстарды таяу арада аяқтау жоспарланған.

"Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясы ірі су қоймаларының жұмыс кестесін бекітті. Су құрылыстарында тәулік бойы мониторинг жүргізіліп жатыр", – деді Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті төрағасының орынбасары Темірлан Әбдіқұлов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу