18 қазан елімізде Рухани келісім күні деп белгіленген

1646

Құжат Рухани келісімнің бірінші әлемдік конгресінде қабылданған.  

18 қазан елімізде Рухани келісім күні деп белгіленген

Бұл мерекенің басы 1992 жылдың қазан айынан бастау алады. 
Сол кездегі Қазақстан астанасы – Алматыда Рухани келісімнің бірінші әлемдік конгресі  ұйымдастырылған болатын. Шарада 18 қазан – рухани келісім күні деп белгіленген еді. Жыл сайын дәл осы күн елімізде қақтығыстар мен жанжалдарға тоқтам салу, татулық пен қайырымдылық және көмек мерекесі атап өтіледі. 
Осылайша 28 жылдан бері Рухани келісім күні мемлекеттік деңгейдегі мерекеге айналды. 

Бүгінде елімізде бір шаңырақ астында 140-тан астам ұлттар мен ұлыстар, 18 конфессия өкілдері татулықта өмір сүруде. Бұл – мемлекеттіміздегі тұрақтылық пен тыныштықтың кепілі. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу