18 қыркүйекте Қарағанды облысында сиреналар іске қосылады

158

Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

18 қыркүйекте Қарағанды облысында сиреналар іске қосылады Фото: dev.ua

Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті өңір тұрғындары мен қонақтарын 18 қыркүйекте дыбыстық электр сиреналары іске қосылатыны туралы ескертеді.

"Аумақтық деңгейдегі "Баршаның назарына!" сигналы бойынша хабарландыру жүйесінің дайындығын тексеру үшін 2024 жылдың 18 қыркүйегінде сағат 10:55-те барлық дыбыстық электр сиреналары іске қосылады. Тыныштықты сақтап, дүрбелең мен қауесетке берілмеулеріңізді сұраймыз", – делінген ТЖ департаментінің хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу