Алматы қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, туроператорлардың, ұялы байланыстың абоненттік бөлімшелерінің және қаржы секторы компаниялары Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысының ережелерімен танысу, міндетті әлеуметтік қашықтық, жұмыс орындарындағы қатаң санитарлық режим және т. б. ережелер талаптарына сәйкес нысанды дайындау сияқты алгоритмді орындағаннан кейін ғана жұмыстарын бастай алады.
Дайындық жұмыстары сәтті аяқталғаннан кейін infoalmaty.kz сайтында тіркеліп, нысанның ережелердің талаптарына сәйкес дайындалғанын растау және электронды цифрлық қолтаңбамен хабарламаға қол қою арқылы кәсіпорында жазылған нормалардың сақталуына кепілдік береді.
Тікелей жұмыс орнында қажет болатын қызметкерлер санын осы ұйымдардың жетекшілері дербес анықтайды.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Алматы қаласында аудит өткен жеке тұрған сұлулық салондары мен білім беру орталықтары, өнеркәсіп және құрылыс саласындағы объектілер, жобалау ұйымдары, сондай-ақ үйге жеткізу қызметі, ТЖО, шиномонтаж, көлік жуу және автосалондар, ұйымдастыру техникасын жөндеу және жарнама агенттіктері қызмет түрлерін жүзеге асыратын кәсіпорындар жұмыстары жанданған болатын.
Сондай-ақ, 25 мамырдан бастап Алматы қаласында қонақүй кешендерін, қоғамдық тамақтандыру объектілерін, СО, СОК және т.б. кезең-кезеңмен ашу мәселесі қарастырылуда. Бұл қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты мүмкін болады.
Аталған нысандарды іске қосу алгоритмі бойынша ақпарат қосымша ұсынылатын болады.