18 маусымнан бастап Мәскеуден коммерциялық рейстер ұйымдастырылады

727

Рейстерді пайдаланудың арнайы талаптары бар.  

18 маусымнан бастап Мәскеуден коммерциялық рейстер ұйымдастырылады

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігінің консулдық бөлімі хабарлады.

"Елшілік "Скат" әуекомпаниясымен бірлесіп келесі бағыттар бойынша арнайы коммерциялық рейстерді ұйымдастыруды жоспарлауда:

2020 жылғы 18 маусымда Мәскеу – Нұр-Сұлтан

2020 жылғы 19 маусымда Мәскеу – Алматы", - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар бұл рейстерді пайдаланудың арнайы талаптары да қарастырылған.

"РФ азаматтары мен үшінші мемлекеттер азаматтары (олардың ішінде кәмелетке толмағандар) тек шетелдік паспорты бар және келесі ережелерге сай келген жағдайда аталған рейстерді пайдалана алады:

–  Қазақстанда тұруға ықтиярхатына ие тұлғалар;

–  Қазақстан азаматтарының жанұя мүшелері (туыстық байланысы фактісін растаған жағдайда – жұбайы, ата-аналар, балалары);

–  жанұя мүшелерінің және жақын туыстарының жерлеуіне бара жатқан тұлғалар;

–  ауыр науқас жанұя мүшелеріне және жақын туыстарына қарау үшін бара жатқан тұлғалар", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу