18 миллион ауғанстандық гуманитарлық көмекке мұқтаж – ЕО

736

Бұған дейін тәліптер вакцина егуге тыйым салған еді.

18 миллион ауғанстандық гуманитарлық көмекке мұқтаж – ЕО

Ауғанстан халқының жартысына жуығы, яғни шамамен 18 миллион адам  шұғыл гуманитарлық көмекке мұқтаж, деп хабарлайды Inbusiness.kz Еуропарламенттегі даму комитетінің басшысы Томас Тобенің мәлімдемесіне сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, 4 миллионға жуық адам ішкі босқынға айналған.
"Құрғақшылықтың, COVID-19 пандемиясының және соғыс қимылдарының салдарынан бұл ел халқының жартысына жуығы шұғыл гуманитарлық көмекке зәру", – деді ол.

13 тамызда "Талибан" елдің шығысындағы Пактия провинциясында COVID-19 дертіне қарсы вакцина егуге тыйым салғаны жарияланған еді. Бұл туралы Пактияның денсаулық сақтау департаментінің басшысы айтты. 

Соңғы мәлімет бойынша, Ауғанстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 152 мыңға жетіп, осы күнге дейін аурудан 7043 тұрғын қаза тапқан. 

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу