18 миллионнан аса қызмет көрсетілді

638

18 миллионнан аса қызмет көрсетілді

2017 жылғы бірінші жартыжылдықта электрондық үкімет порталы арқылы азаматтарға 18 млн астам қызмет көрсетілді. Соның ішінде ең танымал қызметтер аталды, деп хабарлайды nitec.kz.

Алғашқы орында тұрғылықты жерiнен мекенжай анықтамасын беру қызметі қызметі тұр. Бірінші жарты жылдықта осы қызмет 10 млн рет пайдаланылған.

Екінші және үшінші орында жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтама беру (2 млн) және "Жылжымайтын мүлiктiң болмауы (болуы) туралы" анықтама (2 млн астам).

Сонымен қатар, бұл тізімге "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат беру" қызметі енді. Бірінші жарты жылдықта осы қызмет 1 млн 426 мың 237 рет пайдаланылған.

Ал топ бестіктің соңғы орнында тұрған "қылмыстық құқық бұзушылықтың болуы (болмауы) туралы" анықтама 855 мың 114 рет берілген.

Айта кетейік, былтырғы жылдың дәл осындай кезеңімен салыстырғанда электрондық үкіметтің төлем шлюзі арқылы өткен төлемдер 1,4 млрд теңгеге көбейген. Бірінші жартыжылдықта бұл көрсеткіш 7,7 млрд теңгені құрады. Қазіргі уақытт электрондық үкімет порталында 237 әртүрлі қызмет пен сервис қолжетімді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу