18 министрдің 10-ы ауысуы мүмкін

1067

Мемлекет басшысы министрлер кабинеті мүшелерін премьер-министрдің ұсынуы бойынша тағайындайды.

18 министрдің 10-ы ауысуы мүмкін

Үкіметтің жаңа құрамы жартылай жаңартылуы мүмкін, деп мәлім етті парламент мәжілісінің депутаты Бейбіт Мамыраев. 

"Мемлекет басшысы 18 министрдің 10-ы ауысуы мүмкін екенін айтты. Министрлер кабинетінің жартысынан көбі ауысуы мүмкін", – деді Бейбіт Мамыраев журналистерге Астанада президенттің қатысуымен өткен пленарлық отырыстан кейін.  

Еліміздің үкіметі құрамына 16 министрлік пен премьер-министрдің қарамағына қарайтын мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі кіреді. ІІМ, СІМ және Қорғаныс министрлігі тікелей президентке бағынады.          

Бүгін президент Асқар Маминді елдің премьер-министрі етіп тағайындау туралы жарлыққа қол қойған болатын.

Конституцияға сәйкес, премьер-министр тағайындалған күннен бастап 10 күн ішінде парламент мәжілісіне министрлер кабинетіне мүшелер кандидатурасын ұсынады. Мемлекет басшысы министрлер кабинеті мүшелерін премьер-министрдің ұсынуы бойынша тағайындайды

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу