18 млн теңгеге екі қоғамдық дәретхана салмақ

1650

Семей әкімдігіндегілер бірнеше баспананың құнымен тең келетін қоғамдық  дәретханалар халық көп жиналатын алаңдарға аса қажет деп есептейді.

18 млн теңгеге екі қоғамдық дәретхана салмақ

Семейде қала билігі 18 млн-ға екі қоғамдық  дәретхана салмақ. Тіпті ол үшін қала бюджетінен ақша да бөлініп қойған. Әжетхананың орны анықталып, жұмысы да басталып кеткен.

Әкімдіктегілер бірнеше баспананың құнымен тең келетін қоғамдық  дәретханалар халық көп жиналатын алаңдарға аса қажет деп есептейтін көрінеді. Алтынмен апталып, күміспен қапталмаса да, салынып басталған қоғамдық дәретхана сумен жабдықталып, канализация желілеріне және электр қуатына қосылады. Сондай-ақ, жыл он екі ай тоқтаусыз халық үшін жұмыс атқарады-мыс. Бірақ жұрттан қанша ақша алатыны беймәлім, белгілісі – тегін емес.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу