Келесі жылы ауылдықтардың кәсіби сауатын ашуға арналған "Бастау" бағдарламасы бойынша 2,4 млрд теңге бөлінеді, деп хабарлайды 24.kz.
Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысына барған "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, аталған жоба барысында 18 мың адамды кәсіпкерлікке үйретіп, оларды несиелендіруге мүмкіндік беріледі.
Кәсіпкерлер кеңесінің аймақтық отырысында ауыл тұрғындарының іскерлігін арттырудың түрлі тетіктері талқыланды. Өңірде кәсіпкерлікті тиімді жүргізуге қолайлы жағдай жасаудың жоспары жасалды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу