Астанада жыл басынан бері 18 мың көшет отырғызылды, жыл аяғына дейін тағы 35 мың тал егу жоспарланып отыр, деп хабарлайды astana.gov.kz.
– Жыл басынан бері кәсіпорын жұмыскерлері 18 мыңға жуық көшет отырғызды. Жыл соңына дейін тағы 35 мың тал егу жоспарланып отыр. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда үш есеге көп. Бұдан бөлек, ағымдағы жылы 16 гектар аумаққа гүл егілді, – деді "Астана-Көгалдандыру құрылысы" АҚ басқармасы төрағасының өндірістік мәселелері бойынша орынбасары Бибігүл Бектемісова.
Жыл сайын тәлімбақтарда сәндік тал-шыбықтардың 600-ге жуық түрі: кәдімгі қарағай, сібір шыршасы, татар үйеңкілері, терек және жөке ағаштары өсірілуде.
Жаз мезгілінің басында қалада француз сұрпының раушан көшеттері пайда болады. Елорда гүлзарлары 8 млн бір жылғы гүлдермен көмкеріледі.