18 мыңға жуық тұрғын 8 мың адамға арналған құбырдан су ішіп отыр

795

Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов 50 ауылдың су құбыры желісін кеңейту үшін бюджеттен 40 млрд теңге бөлу қажет болатынын баяндады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

18 мыңға жуық тұрғын 8 мың адамға арналған құбырдан су ішіп отыр

"Жыл сайын халық саны артуда. Тиісінше су тұтыну көлемі де ұлғайды. Халықтың көші-қонына байланысты бүгінгі күні 50 ауылда су құбыры желісін кеңейту қажет. Бұл Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Маңғыстау, Түркістан облыстары. Мысалы, Ақмола облысының Қараөткел ауылында қазір 18 мыңға жуық адам тұрады. Ал 2018 жылы салынған су құбырлары 8 мың адамға ғана арналған", – деді министр. 

Бейбіт Атамқұлов мұндай ауылдардың су құбыры желісін кеңейту үшін бюджеттен 40 млрд теңге бөлу қажет екеніне назар аударды. 

"Әкімдіктер жобалау-смета құжаттамасын тез арада әзірлеуі қажет", – деді министр. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу