3 наурыздан бастап осы уақытқа дейін жеке тұлғалардан банкроттық бойынша 18 мыңнан астам арыз келіп түсті, деп жазады inbusiness.kz Қаржы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
“Арыздар негізінде е-Gov (94%) және e-Salyq Azamat (6%) мобильдік қосымшасы арқылы түсуде. “Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы” Заңының талаптарына сәйкес, мемлекеттік кірістер органдары 15 жұмыс күн ішінде азаматтың келесі шарттарға сәйкес келуін тексереді:
- борыш банк, микроқаржы ұйымдары (МҚҰ) және коллекторлық агенттіктер алдында 5,5 млн.теңгеден (1600 АЕК) аспауы;
- борыштың өтелмеу мерзімі он екі айдан асуы;
- некеде бірге алынған мүлікті қоса алғанда, меншік құқығында мүліктің болмауы (көлік, үй, жер тілімі, банктегі депозит және т.б.);
- Банкпен, МҚҰ борыштар бойынша реттеу рәсімін жүргізілуі”, - делінген хабарламада.
Тексеріс автоматтандырылған нысанда тіркеуші мемлекеттік органдардың, банктердің және кредиттік бюролардың электрондық деректері базасымен салыстыру арқылы жүзеге асырылады.