18 наурызда Үкіметтің кезектен тыс отырысы өтеді

1644

Оның негізгі тақырыбы – Мемлекет басшысының Жолдауда жариялаған тапсырмаларын орындау тетіктерін талқылау. 

18 наурызда Үкіметтің кезектен тыс отырысы өтеді

Биыл 18 наурызда Қазақстан Республикасы Үкіметінің кезектен тыс отырысы өтеді, деп жазды inbusiness.kz.

Оның негізгі тақырыбы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына бүгінгі Жолдауында жариялаған тапсырмаларды орындау тетіктерін талқылау болады.

Еске сала кетсек, 16 наурыз Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысына қатысып, Қазақстан халқына Жолдау жасады. Онда Президент Ұлытау, Абай, Жетісу облыстары құрылатынын айтты. Сонымен қатар Үкіметке дағдарысқа қарсы шаралар кешенін жүзеге асыруды тапсырды, Қазақстан аралас сайлау жүйесіне көшетінін мәлімдеді. 

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу