91 жастағы соғыс ардагері "Нұрлы жермен" салынған алғашқы үйден пәтер алды

999

91 жастағы соғыс ардагері "Нұрлы жермен" салынған алғашқы үйден пәтер алды

Ақмола облысының Сандықтау ауданында "Нұрлы жер" бағдарламасы шеңберінде салынған 18 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жаңа тұрғын үйді тапсыру салтанатына ауданға жұмыс сапарымен барған аймақ басшысы Мәлік Мырзалин қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Тұрғын үй құрылысы облыстық бюджеттен бөлінген 105,2 миллион теңге қаржыға салынған. Жұмысты  мердігер "Строй Центр Кокшетау" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген. Бұл ауданда "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша салынып отырған алғашқы тұрғын үй.

Баспаналы болғандардың арасында балалар үйінің тәрбиеленушілері, мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік сала қызметкерлері жəне соғыс ардагерлері бар. Соның бірі Белорусь, Латвия, Литва жəне Польшаны азат етуге қатысқан 91 жастағы соғыс ардагері Григорий Черевко алғысын білдіріп: "Көптен күткен қуанышыма қол жеткізіп отырмын. Жаңа екі бөлмелі пәтердің кілтін алдым", - деді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу