18 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің әскери рәміздері күні

463

Әскери рәміздердің тарихы тереңнен бастау алады. 

18 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің әскери рәміздері күні Фото: Қорғаныс министрлігі

18 шілдеде Қазақстан Республикасында Қарулы күштердің әскери рәміздері күні атап өтіледі. Бұл күн 1996 жылғы 18 шілдеде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қарулы күштердің әскери рәміздері бекітілуіне орай белгіленген. Ал 2021 жылы Қорғаныс министрінің бұйрығымен бұл күн кәсіби мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне енгізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әскери рәміздер – мемлекеттіліктің және әскери дәстүрдің маңызды бөлігі. Олар еліміздің тәуелсіздігін, Отан қорғаушылар ұрпақтарының сабақтастығын және Қарулы күштердің мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әрдайым дайын екенін білдіреді.

Әскери рәміздерге Қазақстан Республикасы Қарулы күштері түрлерінің тулары, әскери бөлімдердің Жауынгерлік тулары және Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің рәмізі жатады. Олардың әрқайсысы қазақ армиясының тарихын, абыройын және құндылықтарын айшықтайды.

Түркі халықтарында жауынгерлік тулар мен ру таңбалары бірлік пен ерліктің белгісі болған. Қазақ хандығы дәуірінде байрақ еркіндік пен т

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу