18 зертхана аккредиттеу аттестаттарынан уақытша айырылды

168

Техникалық реттеу және метрология Комитеті мен экономикалық тергеу департаменті сертификаттау саласындағы заң бұзушылықтарға қарсы күрес жүргізіп жатыр.  

18 зертхана аккредиттеу аттестаттарынан уақытша айырылды Фото: gov.kz

ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінде қаржы мониторингі агенттігінің Астана қаласы бойынша экономикалық тергеу Департаменті өкілдерінің қатысуымен жұмыс кеңесі өтті. Кеңесте сертификаттау, аккредиттеу және өнімдерді заңсыз әкелуді анықтау саласындағы бақылауды күшейту мәселесі қаралды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Комитет төрағасы Жанна Есенбекова құжаттардың қолдан жасалуын болдырмау, дәйексіз деректер енгізу және сертификаттарды бұрмалау үшін сертификаттау органдары мен сынақ зертханаларының қызметіне бақылауды күшейтуді қажеттігін айтты. Оның ішінде көлік құралдары конструкциясының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тауарлардың шығу тегі сертификаттарының дұрыстығы мәселелері қозғалды.

Сондай-ақ, кеңесте аккредиттелген зертханалар тарапынан заңсыз әрекеттерді анықтау және жолын кесу, соның ішінде сәйкестікті бағалау құжаттарын қолдан жасау және тауарлардың шығу тегі сертификаттарын ресімдеу кезінде бұзушылықтар қаралды.

Кездесу нәтижесінде техникалық реттеу және метрология Комитеті мен экономикалық тергеу Департаменті арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Құжат техникалық реттеу, стандарттау және аккредиттеу саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау және оның жолын кесу жөніндегі күш-жігерді үйлестіруге, сондай-ақ мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу