18 жасқа дейінгі балаларға дәрі-дәрмек тегін беріледі

2173

Жалпы, бірыңғай дистрибьютордың қоймасында 30 млрд теңгеге 800-ге жуық дәрі-дәрімектер мен медициналық бұйымдар жеткізілген.  

18 жасқа дейінгі балаларға дәрі-дәрмек тегін беріледі

Наурыз айынан бастап, 18 жасқа дейінгі балаларға  тегін берілетін дәрі-дәрімектердің тізбесіне тағы 68 жаңа атау енгізіледі, деп хабарлайды Atameken Business.  

Осылайша дәрігердің кеңесімен жасөспірімдерге 200-ге жуық препаратты ақысыз алуға мүмкіндік бар. Бұл жөнінде "СК-Фармация" компаниясының басшысы Берік Шәріп айтты.

Айта кету керек, тегін дәрі-дәрімекті кез-келген отбасы әлеуметтік жағдайына қарамастан ала алады. Бүгінде  қызуды түсіретін және қабынуға қарсы құралдар және антибиотиктар сатып алынып қойған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу