18 жасқа дейінгі қарағандылықтар автобустарда тегін жүре алады

471

Өңір басшысы бұл туралы № 44 апатты мектептің педагогикалық ұжымымен және оқушыларының ата-аналарымен кездесу барысында хабарлады. 

18 жасқа дейінгі қарағандылықтар автобустарда тегін жүре алады Фото: gov.kz

Қарағандыда 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер үшін қоғамдық көлікте жол жүру тегін болады. Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев бұл мәселені пысықтауды тапсырды, деп жазады inbusiness.kz Қарағанды қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.

– Қарағандыда 7 жастан 18 жасқа дейінгі 110 мыңға жуық тұрғын бар. Автобустарды жаңарту мен электронды билеттердің енгізілуіне байланысты, мен оқушылар үшін Қарағанды бойынша тегін жол жүруді қамтамасыз етуді тапсырдым, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу