18 жастағы атыраулық діни алауыздыққа шақыратын кітаптар таратқан

205

Күдікті әлеуметтік желіде діни алауыздыққа шақыратын, тыйым салынған діни материалдарды таратумен айналысқан.

18 жастағы атыраулық діни алауыздыққа шақыратын кітаптар таратқан Фото: видеодан алынған кадр

Атырау облысында тыйым салынған діни материалдарды таратқан 18 жастағы тұрғын ұсталды. Күдіктіден діни алауыздыққа шақыратын діни кітаптар тәркіленді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлімет еткендей, Атырау және Ақтөбе облыстарындағы экстремизмге қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметкерлері бірлескен жедел іздестіру іс-шарасын жүргізген. Сол кезде күдіктінің әлеуметтік желіде діни алауыздыққа шақыратын, тыйым салынған діни материалдарды таратумен айналысқаны анықталған. 

"Атырау облысының 18 жастағы тұрғыны ұсталды. Күдіктінің уақытша мекен-жайына тінту жүргізу кезінде түрлі діни кітаптар, діни мәтіні бар брошюра секілді айғақ заттар тәркіленді. Қазір күдіктіге қатысты қоғамдық немесе дiни бiрлестiктiң не өзге де ұйымның экстремизмдi немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты олардың қызметiне соттың тыйым салу немесе тарату туралы шешiмiнен кейiн олардың қызметiн ұйымдастыру және оған қатысу дерегімен қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу