18 жастағы оқушы сыныптастары мен мектептегі қызметкерлерге шабуыл жасады

135

Күдікті ұсталды.

18 жастағы оқушы сыныптастары мен мектептегі қызметкерлерге шабуыл жасады Фото: Fotolia/Bits and Splits

Словакияда 18 жастағы оқушы мектептегі сыныптастары мен қызметкерлерге шабуыл жасады. Салдарынан екі адам көз жұмып, бір адам жарақат алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Euronews-ке сілтеме жасап.

Оқиға Польшамен шекаралас жатқан 17 мың тұрғыны бар Спишска-Стара қаласында болған. Оқушы мектепке пышақ алып барған.

18 жастағы күдікті оқиға орнынан қашып кетті, алайда кейін полиция оны  ұсталды. Биліктің хабарлауынша, пышақ жарақатын алған адамның жағдайы ауыр. Жергілікті БАҚ мектеп директорының орынбасары көз жұмды деп жазды.  

Президент Питер Пеллегрини бұл жағдайдың "нағыз трагедия" екенін айтты. 

"Әлемдегі бірде-бір мәселені пышақпен немесе басқа да қарумен шешуге болмайды", – деді Словакия басшысы.

Словакияның ішкі істер министрі Матуш Шутай Эшток пен білім министрі Томаш Друкер оқиға орнына барды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу