18 жыл бұрын жоғалған түркістандық әйел Құлсары қаласынан табылды

4350

Ол 2005 жылы анасымен ренжісіп, үйінен кетіп қалған. 

18 жыл бұрын жоғалған түркістандық әйел Құлсары қаласынан табылды Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Түркістан облысынан 18 жыл бұрын хабар-ошарсыз кеткен әйел Атырау облысынан табылды. Ол жақында Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласына келген.

Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 34 жастағы әйелге 2005 жылы іздеу салынған. Ол сол жылы анасымен ренжісіп, үйінен кетіп қалған.

Содан бері отбасымен, туыстарымен байланысқа шықпаған. Еліміздің бірнеше қаласында, оның ішінде Алматы мен Шымкентте тұрған. Түрлі мекемеде тазалықшы болып жұмыс істеген.

Алайда, оның жеке басын куәландыратын құжаты жоқ. Сол себептен, полиция қызметкерлерінің бақылауына алынған.

"Түркістан облысынан 18 жыл бұрын хабар-ошарсыз кеткен әйелдің жақында Құлсары қаласына келгені анықталды. Оның табылғаны туралы Түркістан облыстық полиция департаментіне хабарланды. Табылған әйел туыстарымен, оның ішінде анасымен телефон арқылы байланысқа шығып, сөйлесті. Енді оны туыстарына жіберу үшін тиісті іс-шара қабылданды. Оған құқықтық кеңес берілді", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу