18 жылдан бері мемлекетаралық іздеуде жүрген шетел азаматы ұсталды

375

Шетелдік азаматқа қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.  

18 жылдан бері мемлекетаралық іздеуде жүрген шетел азаматы ұсталды Фото: polisia.kz

Таразда 18 жылдан бері мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдік азамат ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жамбыл облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 18 жыл бойы мемлекетаралық іздеуде жүрген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткен шетел азаматын ұстады. Бұл азаматқа қатысты 2006 жылдан бері көрші мемлекеттің аумағында қасақана кісі өлтіргені үшін мемлекетаралық іздеу жарияланғаны белгілі болды.

Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жариялауға жатпайды.

Қазіргі таңда оны қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Өзбекстан Республикасының аумағына экстрадициялау туралы мәселе қарастырылып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу