18 жылға сотталған Кәрім Мәсімов жазасын қандай камерада өтеп жатыр?

156

Барлық сотталушылар үшін бірдей жағдай жасалған.  

18 жылға сотталған Кәрім Мәсімов жазасын қандай камерада өтеп жатыр? Фото: informburo.kz

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Абай Қайырбеков ҰҚК-ның төрағасы Кәрім Мәсімов жазасын қандай камерада өтеп жатыр деген сауалға пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Сотталғанның жағдайы бірқалыпты. Алаңдауға негіз жоқ. Медициналық қамтамасыз ету мәселелері Денсаулық сақтау министрлігіне қарайды. Барлық сотталғандар медициналық тексеруден өтіп отырады. Қандай да бір қажеттілік туындаған жағдайда жедел көмек беріледі", – Абай Қайырбеков Сенат кулуарында.

Тілшілер ҰҚК-ның бұрынғы төрағасы жазасын қандай камерада өтеп жатқанын сұрады.

"Мәсімов жазасын сот үкіміне сәйкес өтеп жатыр. Жазасын кіммен өтеп жатқаны туралы мәселені көтерудің қажеті жоқ. Барлық сотталушылар үшін бірдей жағдай жасалған. Ол басқа да сотталушылармен бірге жазасын өтеп жатыр", – деді Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы.

Айта кету керек, бұған дейін Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Мәсімовке қатысты тараған ақпаратқа нүкте қойып, түсініктеме бергенін жазған едік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу