180 адам алданған қаржылық пирамидаға қатысты тергеу басталды

1229

Қаржылық пирамиданы ұйымдастырғандар 80 миллион теңге жинап алған.

180 адам алданған қаржылық пирамидаға қатысты тергеу басталды

Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қаржылық (инвестициялық) пирамида қызметінің жолын кесті. Бұл туралы  ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлама таратты, деп жазады inbusiness.kz.

"Тергеудің алдын-ала нұсқасы бойынша, 2020 жылы ұйымдастырушымен салым сомасының теңгемен 18%-ы және валютамен 6%-ы мөлшерінде жыл сайынғы табыс алу шартымен 80 миллион теңгеден астам сомаға жеке тұлғалардың ақшалай қаражаты тартылған",– деп жазылған агенттік хабарламасында.

Аталған факті бойынша ҚК-нің 217-бабының 1-б. бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Қазіргі уақытта аталған қаржылық пирамида әрекетінен зардап шеккен 180-нен астам адам анықталыпты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу