180 тоннадан астам жеміс-жидекті Қазақстанға қайтарды

1019

180 тоннадан астам жеміс-жидекті Қазақстанға қайтарды

РФ Новосібір облысынан Қазақстанға 180 тоннадан артық жеміс-жидек қайтарылды. Бұл туралы Ресей ауыл шаруашылығын бақылау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеп ҚазАқпарат хабарлайды. 

Новосібір облысы бойынша Ресей ауыл шаруашылығын бақылау басқармасының инспекторлары  өткен демалыс күндері "Карасук" бақылау бекетінде 165 тонна қауын мен 20 тонна өрікті тасымалдағандарды ұстады. Қазақстаннан шыққан өнімдер автомобиль арқылы Новосібір, Краснояр, Кемерево, Новокузнецк және Владивостокқа жеткізілмекші болған. Карантинді санитарлық бақылау жүргізу барысында жемістердің барлығында өнімнің атауы, қайдан шығарылғандығы, экспорттаушы және/немесе кері экспорттаушы жайлы ақпарат беретін таңбаларының жоқтығы анықталды.  Халықаралық заңнама талаптарына сәйкес, өнімдерді Ресей Федерациясының аумағына тасымалдауға тыйым салынып, барлығы Қазақстанға қайтарылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу