182 азамат "Болашақ" бағдарламасының иегері атанды

554

Стипендиаттардың 62 пайызы жаратылыстану-техникалық бағытта, қалған 38 пайызы қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша білім алады.

182 азамат "Болашақ" бағдарламасының иегері атанды Фото: google.com

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Стипендиаттардың басым көпшілігі жаратылыстану-техникалық бағыттар бойынша шетелде даярланатын болады.

"Мемлекет басышысының тапсырмасы бойынша инженерлік-техникалық кадрларды даярлауға басымдық беріледі. Үміткерлерді қолдау үшін "Инженерлік-техникалық қызметкерлер" жаңа жеңілдік санаты енгізілді. Сонымен қатар біздің бастамамызбен медициналық қызметкерлерді іріктеу қағидалары жетілдірілді", - деп атап өтті "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ Басқарма төрағасы Олжас Сәкенов.

Сондай-ақ Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімімен 328 қазақстандық ғылыми тағылымдамалар бағдарламасы бойынша грант иегері атанды.

Отандық ғалымдар инженерлік ғылымдар, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, білім беру, агроөнеркәсіптік кешен, медицина және т.б. салаларда зерттеулер жүргізу үшін әлемнің жетекші ғылыми орталықтарына жіберілетін болады.

Ғылыми тағылымдамалар бағдарламасы бойынша конкурстық іріктеуге қатысуға өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 28 тамыз бен 13 қазан аралығында жалғасатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу