182 мың доллар криптоактивіне тыйым салынды: Блогер Қайсар Қамзаға халықаралық іздеу жарияланды

229

Ол заңсыз ойын бизнесіне жәрдемдесті деген күдікке ілінуде. 

182 мың доллар криптоактивіне тыйым салынды: Блогер Қайсар Қамзаға халықаралық іздеу жарияланды Фото: instagram/qais_arr

Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Қазақстан Республикасының азаматы 1995 жылғы 18 қыркүйекте туған, Қамза Қайсар Бақытжанұлына халықаралық іздеу жариялады, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты.

Сотпен оған қатысты "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланған.

Күдікті 5 жыл бойы "Instagram" әлеуметтік желісінде, "qais_arr" атауымен (2,4 млн жазылушы) белсенді блогерлік қызмет жүргізіп, сондай-ақ "Telegram"-дағы "Қора энтертейнмэнт" жабық арнасын (368 мың жазылушы) басқарған.

Күдікті әлеуметтік желілердегі жеке аккаунттарын пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының азаматтары үшін "Pinco" сайтында тіркелуге және құмар ойындарға қатысуға бағытталған тікелей сілтемелерді, графикалық элементтерді және үндеулерді қамтитын бейнематериалдар мен жарияланымдарды жүйелі түрде орналастырған. Сонымен қатар бейнероликтердің астында пайдаланушыларға бонус беретін жеке промокодын көрсеткен.

Осылайша, Қамза Қ.Б. азаматтарды құмар ойындарға тартуға бағытталған онлайн-платформаны жарнамалап, ойын платформасынан сыйақылар, бонустар немесе пайыздық аударымдар түрінде табыс алып отырған.

Заңсыз жолмен алынған кірістерді жасыру мақсатында күдікті криптоәмиянды пайдаланған. Оған "Pinco" интернет-казиносының ұйымдастырушыларынан төлемдер түсіп отырған.

Сот санкциясымен 182 736,741 USDT көлеміндегі криптоактивтерге тыйым салынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу