185 мыңға жуық қазақстандық кәсіпкерлік негізін оқыды

880

"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы "Бастау Бизнес" жобасының 5 жылдығын қорытындылады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

185 мыңға жуық қазақстандық кәсіпкерлік негізін оқыды

"Бастау Бизнес" жобасының тарихы 2016 жылы басталды. Қанатқақты жоба Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында, Жаңаөзен қаласында және Ақтөбе облысының Темір ауданында іске қосылды. Бір жылдан кейін жоба "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламаның екінші бағытын оқыту форматы ретінде қабылданды. 

2017 жылы жоба аясында 15 мың, 2018 жылы 30 мыңға жуық азамат білім алды. 2019 жылы жобаға қатысушылар саны 75 мың адамға жетті. Соңғы 2 жылда жобаға Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының тұрғындары белсенді қатысып жатыр. Жоба аясында 2019 жылдан бері NEET санатындағы жұмыссыз жастарға, жас, көпбалалы, аз қамтылған отбасыларға және еңбекке қабілетті мүгедектерге ерекше назар аударылуда. 

Биыл "Бастау Бизнес" жобасы бойынша 30 мың қазақстандық білім алды. Ал күні бүгінге дейін 185 мыңға жуық қазақстандық кәсіпкерлік негізін оқыды. 

"Бастау Бизнес" жобасының түлегі Татьяна Куснутдинова кәсіпкерлікке қалай бет бұрғанын баяндады.

"Дәрігерлер балама аутизм деген диагноз қойды. Баламды оңалту үшін Ақмола облысынан көшіп келдім. Баламның диагнозын жеңіп шыққанда, жеке түзету орталығын ашу қажеттігін түсіндім. Жабдық алуға қаражат болмаған соң, мемлекеттен қолдау табуға тырыстым. 2021 жылғы маусымда "Бастау Бизнес" жобасына қатыстым. Екі ай бұрын 5 млн теңге грант алып, "БАК" және "ИНтайм" атты 2 аппараттық әдістемені сатып алдым. Енді мен ұлым сияқты балаларға көмектесе аламын. Сондай-ақ жұмыс орындарын ашамын. Қазір 6 адамды жұмыспен қамтып отырмын, қызметке тағы 3 адам қабылдаймын", – деді Татьяна Куснутдинова. 

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу