186,2 мың отбасыға АӘК тағайындалды

1025

2021 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 186,2 мың отбасындағы 891,1 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Биылғы жылы осы мақсаттарға бюджеттен 83 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды nbusiness.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

186,2 мың отбасыға АӘК тағайындалды

Айта кетсек, АӘК отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады.

2021 жылғы 1 қыркүйекте АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі 227,1 мың бала азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтығы түрінде әлеуметтік топтама тағайындалды.

Естеріңізге сала кетейік, АӘК алушыларға ТЖ режимі мен карантиндік шектеу шараларының қолданылуына байланысты 2020 жылғы II, III және IV тоқсандарда, сондай-ақ 2021 жылғы I, II тоқсандарда көмек тағайындау ұзартылды.

Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығында, сондай-ақ egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы бере алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу