189 қазақстандық "Болашақ" стипендиясының иегері атанды

110

 Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

189 қазақстандық "Болашақ" стипендиясының иегері атанды Фото: akorda.kz

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен өткен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысында 189 үміткерге "Болашақ" халықаралық стипендиясы тағайындалды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Биылғы іріктеу жаңа ережелерге сәйкес кезең-кезеңімен ұйымдастырылып, үміткерлер кешенді тестілеуден және жеке сұхбаттан өтті.

Стипендия иегерлерінің ішінде:

  • 164 адам – магистратураға,
  • 10 адам – докторантураға,
  • 15 маман – шетелдегі үздік университеттер мен ғылыми орталықтарда кәсіби тағылымдамадан өтеді.

Бағдарламада басымдық берілетін бағыттарға ерекше назар аударылды:

  • 73% – жаратылыстану және техникалық ғылымдар,
  • 27% – қоғамдық-гуманитарлық сала.

Сонымен қатар отырыста еліміздің атом энергетикасы саласына қажетті кадрларды даярлау мәселесі де көтерілді.

Жиын қорытындысында Ерлан Қарин "Болашақ" бағдарламасын жетілдіру және оның тиімділігін арттыру бойынша нақты тапсырмалар берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу