189 млн теңгеден асатын ауыл шаруашылығы жері мемлекетке қайтарылды

236

Бұл туралы Ақмола облысының прокуратурасы мәлім етті.  

189 млн теңгеден асатын ауыл шаруашылығы жері мемлекетке қайтарылды Фото: Егемен Қазақстан

Зеренді ауданының прокуратурасы Зеренді ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі қызметіне жүргізілген тексеріс барысында жер заңнамасының өрескел бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тексеру нәтижесінде аудан әкімдігінің лауазымды тұлғалары Қазақстан Республикасының Жер кодексі талаптарын бұза отырып, заңды тұлғаларға бау-бақша өсіру мақсатында жер телімдерін негізсіз және уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығымен бергені белгілі болды. Алайда мұндай жер телімдері тек жеке тұлғаларға ғана берілуі тиіс.

Сонымен қатар, жер учаскелері конкурстық рәсімдерсіз рәсімделіп, олардың аумағы заңда белгіленген шекті нормалардан бірнеше есе асып кеткен.

Прокурорлық қадағалау актілерінің нәтижесінде лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылып, жалпы аумағы 788 гектарды құрайтын, құны 189 млн теңгеден асатын 12 жер телімін мемлекет меншігіне қайтару туралы сот шешімдері қабылданды.

Қазіргі уақытта осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу