19-21 тамыз аралығында күн жылы болады

1094

Алдағы үш күнде Қазақстанда жауын -шашынсыз жылы ауа райы күтіледі, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі. 

19-21 тамыз аралығында күн жылы болады

"Антициклонның әсерінен, Қазақстанның бүкіл аумағында жаңбырсыз ауа-райы болады деп болжанып отыр. Тек шығыс пен оңтүстік-шығыста, фронтальді бөліктердің өтуімен қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, бұршақ және екпінді жел болжанады. Солтүстікте 23...30 градусқа, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста 25...40 градусқа, орталық пен шығыста 17...35 градусқа дейін ауа температурасының жоғарылауы күтілуде. Ал Қазақстанның батысында болса, ыстық ауа-райы сақталады және негізгі фондық температура 32...41 градус аралығын қамтитын болады", – деп жазылған хабарламада.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу