Астанада көше мен ауланы жинауға тұрғындар жанұясымен шықты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.
Арнайы техниканың 175 бірлігі мен 19,5 мыңнан астам адам бүгін Астанада жалпы қалалық сенбілікке шықты.
Тазарту шаралары қаланың орталығында ғана емес, барлық шеттерінде жүргізілді. Аталмыш жұмыстарға 425 астам ПИК ұжымдары мен басқа ұйымдар қатысты. Олардың бірінде зейнеткерлердің өзі қолдарына сыпырғыш пен тырмаларды алды.
"Паритет" ПИК-де сенбілік таң осы азаматтарға құрмет көрсетуден басталған болатын.
ПИК төрағасы Шамиден Тапаевтың атап өтуінше, бұл – алты жыл қатарынан үзілмей келе жатқан дәстүр.
" Бізде әр сенбілікке тұрғындардың басым көпшілігі белсенді түрде қатысады. Олардың ішінде зейнеткерлер де бар. Алты жыл бұрын жиналыста біз 70, 75, 80 одан да көп жасқа толған мерейтой иелерін құттықтаймыз деген шешім шығарған болатынбыз. Сыйлықтарды табыстап, дастархан жаямыз. Осы жылдардың ішінде біз 280-ге жуық адамды құттықтаппыз. Олар бізге өте жақсы көмектеседі. Бүгін 48-ге тарта адам жиналып, аумақты бірлесіп жинаудамыз", - дейді Шамиден Тапаев.
70 жастағы Владимир Устюжанинов өзінің егде жасына қарамастан, бүгінгі сенбілікке қатысты. Ер азаматтың айтуынша, оның әрдайым таза ауада жұмыс істеуге мүмкіндігі бола бермейді.
"Ластамаған жер таза, алайда қашанда олай болу мүмкін емес. Десек те, балалар да, ересектер де қоқыс тастайды. Кейін олардың артынан жинауға тура келеді. Мен таңертең ерте итті серуенге шығарғанда, әрдайым адамдардың ауланы тазалауға шыққанын көремін. Мен де шет қалған жоқпын. Ең біріншіден, жастардың құтылар мен пакеттерді кез келген жерде шашпасын деп айтқым келеді. Егер сен өз қалаңның патриоты болып, бір жерде бірдеңенің шашылып жатқанын көрсең, оны көтеру керек. Сенбіліктерге тұрақты түрде шығып тұру қажет. Қаланың таза болуы басқа ешкімге емес, өзімізге байланысты", - дейді В. Устюжанинов.
ПИК жұмыскерлері үй маңындағы территорияларға ерекше көңіл бөлді: подъездерді, жабындарды жөндеді, қоршаулар мен ғимараттардың қасбеттерін жаңартты. Адамдар бірлесіп аулалар мен көшелерді аббаттандырып жатыр. Барлығының мақсаты бір - өз туған ауласын тазарту.
Атап өтейік, бұқаралық сенбіліктер мұнда тұрақты түрде өткізіледі. Көшелерді жинауға тұрғындар бар жанұясымен шығады.