19 қазақстандық боксшы жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Olympic.kz.
Біріккен Араб Әмірліктерінде өтіп жатқан құрлықтық біріншілікте жартылай финалдық кездесулер 16 қазанда өтеді. Ұлдардан Руслан Күзеубаев (-52 кг), Алтынбек Нұрсұлтан (-54 кг), Сұлтан Бабаханов (-66 кг), Роман Диар (+80 кг), Абдула Патиев (-50 кг), Серік Обзал (60 кг), Ермек Ерасыл (-57 кг) және Мәди Әміров (-80 кг) финалдық жолдама үшін жұдырықтасады.
Жарыстың ½ финалында Қазақстаннан 11 спортшы шаршы алаңға шығады. Олардың арасында Элина Базарова (-48 кг), Анжелика Цой (-52 кг), Милана Аюпова (-63 кг), Назерке Серік (54 кг), Назым Әбдіхан (-60 кг), Валерия Семенова (-70 кг), Анар Тұрысбек (-57 кг), Жібек Жарасқызы (-66 кг), Дидай Дана (-75 кг), Мақпал Ерболатқызы (-80 кг), Диана Магауяева (+80 кг) бар.