19 кедендік рәсімдеу аймағы салынады

1290

19 кедендік рәсімдеу аймағы салынады

Қазақстанда 19 кедендік рәсімдеу аймағы салынады. Алғаш болып елордада іргесі қаланған 120 орындық кеден орталығы бүгінгі күні оң нәтижелерге қол жеткізіп отыр. Жыл басынан бері 10 мыңға жуық декларация қабылданып, ел қазынасына 80 млрд теңге пайда түскен, деп хабарлайды abctv.kz.

Ал, пилоттық режимде енгізілген "Астана-1" ақпараттық жүйесі жүргізілетін рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз етіп қана қоймай уақытты үнемдеуге де барынша ықпал етуде. "Бір терезе" қағидатына негізделген кедендік рәсімдеудің жаңа тәртібі Қазақстанның барлық аймағында енгізілмек. Госман Амрин – ҚР қаржы министрлігі мемлекеттік кірістері Комитеті төрағасының орынбасары: "Сауда-саттықпен айналысатындар үшін сертификат алу немесе декларация толтыруға мүмкіндік беретін жеке компаниялар бір жерде орналасқан. Сондай-ақ, қаржы төлемдері үшін Халық және Казком банкітерінің терминалы қойылды. Тағы бір тиімділігі - тасымалдау қауіпсіздігі. Яғни, кәсіпкерлер көліктерін қала сыртына қалдырмай, осы жерде бүкіл шаруасын бітіре алады" Мемлекеттік мекемелер мен жеке кәсіпкерлер ұсынатын қызметтен бөлек, 7 мың га аймақта тексеру пунктері, түрлі деңгейдегі қоймалар, тіпті, тауарларды өткізуге мүмкіндік беретін сауда орталығы салынған. Ал мұндай жобаны іске асыру үшін 10 млн долларға жуық қаржы қажет дейді мамандар. Сондықтан алдағы уақытта ел көлемінде салынатын кедендік бекеттерге жеке инвесторларды тарту қарастырылып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу