19 млн қазақстандықтың жеке ақпараты "Отбасы цифрлық картасына" енгізілді

395

Цифрлық карта – азаматтардың әлеуметтік мәртебесіне байланысты кепілдендірілген мемлекеттік қолдаудың қандай да бір түрін алу жөніндегі құқықтары жайлы күнделікті электрондық хабарлама. 

19 млн қазақстандықтың жеке ақпараты "Отбасы цифрлық картасына" енгізілді Фото: Azattyq Ruhy

Оған 19 млн қазақстандықтың деректері енгізілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Астана қаласы бойынша Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті департаментінің басшысы Қанат Тоқтыбаев айтты, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап пилоттық режимде "Отбасының цифрлық картасын" енгізу басталды.

Дәл қазір цифрлық картаға шамамен 6 млн отбасының, олардың жанұя мүшелерімен қосқанда 19 млн адамның жеке ақпараты енгізілген. Деректер отбасы мен оның мүшелерінің мәртебесі өзгерген сайын жаңарып отырады.

Мемлекеттік қолдау шараларын алуға рұқсат берілген кезде оған СМС-хабарлама жіберіледі. Кейін әлеуметтік жәрдемақы, төлемдер немесе мемлекеттік қолдаудың өзге де түрлерін тағайындау жүзеге асырылады. Тиісінше, ол қаражат азаматтың банк шотына аударылады.

"Бұл мемлекеттік қызметті жетілдірудің тағы бір тетігі. Яғни, мемлекет ақпараттық жүйе арқылы азаматқа мемлекеттік қолдау түрлерін онлайн алу мүмкіндігін ұсынады", - деді Қанат Тоқтыбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу