19 мың кәсіпкердің екінші деңгейлі банкте несиесі бар

1015

10 мың кәсіпкер несиенің негізгі борышы мен сыйақы мөлшерлемесін шегеруді сұрады. 

19 мың кәсіпкердің екінші деңгейлі банкте несиесі бар

"Атамекен" ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Ербол Үстеміровтің мәлімдеуінше, қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі екінші деңгейлі банктер мен микроқаржылық ұйымдарға 90 күнге шегеру туралы бұйрық бергеннен бері 10 мың кәсіпкер жеңілдікті пайдалануға өтінім өткізген.  

"Несиенің негізгі борышы мен сыйақы мөлшерлемесі шегерілген кезде кәсіпкерлерге өсімпұл салынбайды",– деді Ербол Үстеміров. 

Басқарма төрағасы орынбасарының сөзінше, "Бизнестің жол картасы-2025" бағдарламасы бойынша кәсіпкерлерге 6 %-бен несие беріледі. 

"Аграрлық несие корпорациясы" АҚ арқылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге жылдық сыйақы мөлшерлемесі –  5%-бен 70 млрд теңге қарыз ұсынылып жатыр. "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы бойынша 6%-бен 100 млрд теңге несие беріледі. Бұған қоса қаржы айналымын ұлғайту үшін кәсіпкерлерге 6%-бен несие рәсімдеу мүмкіндігі қарастырылды. Бұл мақсатқа 600 млн теңге бөлінді", – деді Ербол Үстеміров. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу