19 мыңнан астам адам қаржы пирамидасының қақпанына түсті – Санжар Әділов

1006

Қаржы пирамидаларына қатысты 330 қылмыстық іс тергелді. 

19 мыңнан астам адам қаржы пирамидасының қақпанына түсті  – Санжар Әділов

Ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің басшысы тергелген қылмыстық істің 53,6%-ы сотқа жолданғанын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"62 адам тергеліп жатыр. Оның 55-і қамауға алынды. 19 мыңнан астам адам қаржы пирамидасының қақпанына түсті. Оларға 21 млрд теңгеден астам залал келді. Ақтөбе, Маңғыстау, Түркістан облыстарының, Шымкент,  Алматы қалаларының тұрғындары "Астекс", "Выгодный депозит", "Астра Консалтинг", "Бизнес лайн", "Хоум авто инвест" сынды ірі қаржы пирамидаларына алданып қалған. Қылмыстық істерді тергеу тәжірибесі көрсеткендей, қаржы пирамидаларымен тез байып кетуді қалайтын адамдар байланыс орнатады", – деді тергеу департаментінің басшысы.

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу