19 наурыз - Жаңару күні

3143

Осы күні көктемгі ағаш егу дәстүрін жалғастыру ұсынылды. 

19 наурыз - Жаңару күні Фото: Exclusive.kz

“Жаңару” күні барша азаматтарды ортақ мақсаттарға жету жолында бірігуге және ынтымақта болуға үндейді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Бұл күн ел өмірінде және әрбір қазақстандықтың өмірінде жаңа кезеңнің басталуын білдіреді. Бұл – алға жаңа мақсат қойып, жаңа жобаларды бастау, елдің жаңа басшылығының саяси ерік-жігері мен прагматикалық ұстанымының арқасында өмірді жақсылыққа қарай өзгерту туралы шешім қабылдау уақыты.

19 наурыз – Жаңару күні. Осы мезгілде табиғат түрленіп, тіршілік қайта жанданады. Тек атаулы күннің табиғаттың түрленуіне ғана емес, елдегі саяси өзгерістерге де қатысы бар. Осыдан 5 жыл бұрын ел тағдыры үшін маңызды шешім қабылданды. Еске салсақ, Экс-президент дәл осы күні өзінің биліктен кететінін мәлімдеген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу