19 наурыздағы саудада доллар бағамы өсті

283

Ал аукционда әлемдік бағалар төмендеп жатыр. 

 19 наурыздағы саудада доллар бағамы өсті Фото: Inbusiness.kz

Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 1,78 теңгеге көтеріліп, 451,08 теңгеге жеткенін хабарлады.

  • Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да көтеріліп, 62,53 теңгені (+0,14) құрады.
  • Ұлттық банк еуроның бағамын 489,69 теңге, рубльді 4,89 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 449,9-451,9 теңгеге, еуро 489-493 теңгеге, ресей рублі 4,79-4,91 теңгеге сатылуда.

Осылайша, Лондонның ICE (InterContinental Exchange Futures) биржасында Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 0,26 долларға арзандап, 86,63 долларды құрады.

Нью-Йорк NYMEX (New York Merchantile Exchange) биржасында Light маркалы мұнайдың бағасы барреліне 0,24 долларға төмендеп, 82,48 долларды құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу