Ертең, 19 шілде Қазақстанда телеарналар мен радио жұмыс істемейді, деп хабарлайды Inbusiness.kz.
"Қазтелерадио" АҚ үздіксіз және сапалы телерадио хабар таратуды қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыс жүргізеді.
Осыған байланысты 19 шілде сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің телерадио хабарларын тарату өшіріледі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу