Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов елдегі банктер бірыңғай QR-код жүйесіне қашан қосылатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"19 шілдеден бастап QR төлемдердің бірыңғай банкаралық жүйесі іске қосылады. Парламенттің қолдауы арқасында биылғы 1 мамырдан бастап экономиканың жаңа саласы – цифрлық активтер индустриясын іске қосудың құқықтық негізі қаланды. Заманауи, айқын және институционалды орта құрылды. Ұлттық банктің реттеу ортасы базасында цифрлық қаржы активтері саласында 30-дан астам инновациялық жоба іске қосылды. Осы жылы Ұлттық қордың активтерін жаңа нысаналы локациялауға көшіруді жоспарлап отырмыз", – деді Тимур Сүлейменов Сенаттың жалпы отырысында.
Айта кету керек, бұған дейін Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов инфляция жағдайына қатысты түсінік бергенін жазғанбыз.