19 жасар отандасымыз гір тасын көтеруден әлем чемпионы атанды

899

19 жасар отандасымыз гір тасын көтеруден әлем чемпионы атанды

19 жастағы Қобыланды Орынбасаров Сеулде өткен гір тасын көтеру спортынан әлем чемпионы атанды. Ал, жаттықтырушысы Мұрат Серікбаев ардагерлер арасындағы жарыста әлем чемпионатының күміс  жүлдесін иеленді, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Оңтүстік Корея астанасы Сеул қаласында қараша айының 15-19 аралығында өткен жарысқа әлемнің 33 елінен 600-ге жуық спортшы қатысқан. Додада 73 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Қобыланды, 32 келі гір тасын ұзын циклды көтеруді 62 рет бағындырған.

Жаттықтырушысы Мұрат Серікбаевтың айтуынша, Қобыланды алғашқыда қазақ күресімен айналысқан екен. 

"2014 пен 2015 жылдары  гір тасын көтерудің қыр-сырын үйреттім. Аз уақытта үлкен нәтижелер көрсете бастады. Мәселен, осы спортпен айналысқан бір жылдың ішінде жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионы, сол жылы Латвияда өткен Европа чемпионтында күміс жүлдеге қол жеткізген. Ал, келер жылы Ақтөбе қаласында жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды. Биыл жастар арасына да еркін кіріп, ел біріншілігін ұтты. Өздеріңіз куә болып отырғандай жастар арасындағы ұлттық құрамаға мүше болып, Оңтүстік Корея мемлекетінде өткен әлем чемпионатының жеңімпазы болды",- дейді.

Ал, Мұрат Серікбаев 73 келі салмақ дәрежесінде 24 келіні қос сайыс бойынша 131 рет көтеріп күміс жүлдені алып отыр.

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы Созақ спортының төл тумасы, Оңтүстіктен шыққан жастар арасындағы тұңғыш әлем чемпионы Қобыланды Орынбасаров Алматы қаласындағы Қазақ туризим және спорт академиясының 3 курс студенті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу