19 жастағы жігіт 17 жастағы мектеп түлегін аяусыз пышақтап өлтірген

1449

Күдікті жасөспірімге 83 рет пышақ салған. 

19 жастағы жігіт 17 жастағы мектеп түлегін аяусыз пышақтап өлтірген Фото: tvsamara.ru

Оқыс оқиға Ресейдің Самара қаласында болған. 19 жастағы ресейлік жігіт 17 жастағы түлекті пышақтап өлтірген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты tvsamara.ru-ға сілтеме жасап. 

Күдікті қамауға алынды. Ол өзінің қылмысқа қатысы барын растады.

"Тергеу мәліметтері бойынша, күдікті 2024 жылғы мамырдың 24-інен 25-іне қараған түні Самара қаласындағы ағасының тұрғылықты жерінде 17 жастағы қызға кем дегенде 60 рет пышақтаған, бойжеткен алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған", - делінген хабарламада.

Марқұм 17 жаста және ол күдіктімен бірге облыс орталығындағы ағасының пәтерінде болған. Ұсталған күдіктінің өзі жәбірленушіні 83 рет пышақтағаны белгілі болды.

Күдікті - 19 жастағы Тольятти қаласының тұрғыны. Ол қылмыстық идеологиясы бар тыйым салынған қауымдастықтың мүшесі болмағанын айтады. Оның денесінде татуировка көп, ал маңдайында бесбұрыш бейнеленген.

Жауап алу кезінде күдікті қылмысын мойындады. 

"Мен оны ағамның пәтерінде пышақтап өлтірдім, аффект күйде болдым", - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу