Сенат кулуарында журналистер сауалына жауап берген Дана Нұржігіт отырыста қандай мәселе талқыланатынына қатысты түсініктеме берді, деп жазады inbusiness.kz.
"Бұл отырыста Парламент жұмысының регламентін талқылау және қабылдау қарастырылады. Өздеріңіз білесіздер, Парламент қызметіне байланысты бірнеше заңға өзгерістер енгізілген болатын. Осыған сәйкес, Парламент жұмысының регламенті өзгеруі керек. Алдағы 19 желтоқсан күнгі Парламент палаталарының бірлескен отырысында, Парламент жұмысының регламенті талқыланып, қабылданатын болады. Күн тәртібіндегі мәселе осы ғана", - деді Дана Нұржігіт
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу