"19 жерінен пышақтаған": Түркістанда ер адам әйелінің туысын өлтірмек болды

199

Күдіктіге іздеу жарияланды.

"19 жерінен пышақтаған": Түркістанда ер адам әйелінің туысын өлтірмек болды Фото: Almaty-akshamy.kz.

Бұрынғы әйелімен тұратын балаларын көруге барған түркістандық тұрғын үйде жанжал шығарған. Артынша жұбайының туысын бірнеше жерден пышақтап, қашып кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, Түркістан қаласының тұрғыны 19 жерінен пышақталып, ауруханаға түскен.

Аталған жағдай бойынша Түркістан облысы полиция департаменті күдіктінің жеке басы анықталып, оны ұстау шаралары қабылданғанын жеткізді.

"Полиция тұрмыстық жанжал негізінде болған "кісі өлтіруге оқталу" фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұрынғы жұбайындағы балаларды көру үшін келген жәбірленуші бұрын бірнеше рет сотты болған Шымкент қаласының тұрғыны екені анықталды. Осы кезде күдікті мен әйелінің туысы арасында жанжал болып, ер адам пышақ жарақатын алған. Қазіргі уақытта қажетті жедел-іздестіру және тергеу әрекеттері жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Тергеу мүддесіндегі өзге де ақпараттар жария етуге жатпайды", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу