19 жыл бұрын кісі өлтірген азамат 10 жылға сотталды

461

Шымкентте 19 жыл бұрын болған атышулы кісі өлтіру ісі бойынша үкім шығарылды.  

19 жыл бұрын кісі өлтірген азамат 10 жылға сотталды Фото: Kazakhstan Today

Қылмыскер екі жерден оқ атып, өлі денені шұңқырға лақтырып жіберген. Қылмыс іздерін жуып-шайып, дәйектерді жоқ қылған. Сотталушы 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Бірақ ол өзінің кінәсін мойындамады, деп жазады Inbusiness.kz Otyrar сайтына сілтеме жасап.

19 жыл бұрын кісі өлтірілгені үшін шымкенттікке 10 жыл берілді. Мамандандырылған ауданаралық сотта қатыгез кісі өлтіру ісі бойынша үкім жарияланды. Соттың мәліметінше, сотталушы мылтықтан екі рет оқ жаудырған, жәбірленуші сол жерде жан тапсырды. Кейін ол өлі денені дәретхананың шұңқырына лақтырып жіберіп, дәлел болатын дүиенің барлығын өртеп жіберген. Қылмыс болған сәтте кінәлілер табылмады, алайда осы жылдың наурыз айында ер адам ұсталды. Іс бойынша қазір Ресейде тұратын тағы бір күдікті өтіп жатыр.

"Сот тергеуі барысында Харитонов өзінің тегін Билданов деп өзгертті, оған айып тағылмады, тек куәгер ретінде сұхбат алынды. Қазіргі уақытта оған қатысты іс қозғалып, жеке тергеу жүргізілуде", - деді Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Самиддин Темиралиев.

Мемлекеттік айыптаушы сотталушыдан 17 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Бірақ сот шешімімен ер адам 10 жылға сотталды, ол оны орташа қауіпсіздік мекемесінде өткізеді.

"Сот Ринат Рафаэлевич Ғазизовты 1997 жылғы редакцияда ҚР ҚК 96-бабының бірінші бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп тануға үкім шығарды және оған осы бап бойынша 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады. Жазаны өтеу орташа қауіпсіздік мекемесінде тағайындалсын", - деді Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Самиддин Теміралиев. 

Сотталған өз кінәсін мойындамады. Оны сот сот залынан алып кеткенше дейін Ресейде тұратын екінші адам кінәлаумен болды.

"Олар жазықсыз адамды айыптады, Ресейде кінәлі, оны Қазақстанға жеткізе алмайды, орыстар оны бермейді. Өз заңымыз бойынша соттаймыз дейді, ал қазір Украинаға байланысты оны соттау мүмкін емес, сондықтан мені соттап отыр", - деді сотталушы.

Сотталушы үкімге апелляциялық алқада шағымдануға ниетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу