199 дәрінің бағасы негізсіз көтерілген

715

Пандемия кезінде бағаны негізсіз көтерген ұйымдарға 213 млн теңгенің айыппұлы салынды. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Нұрлыбек Асылбеков осындай деректер айтты.

199 дәрінің бағасы негізсіз көтерілген

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың дәрі-дәрмек бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу туралы тапсырмасын орындау мақсатында облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларда мониторингтік топтар құрылды. Олардың құрамына біздің комитеттің аумақтық бөлімшелері, жергілікті атқарушы органдардың, құқық қорғау органдарының өкілдері енгізілді. Ол топтар 1640 дәріхананы қамтып, шекті бағадан асып сатылған дәрілік заттардың 199 атауын анықтады. Көрсетілген кезеңде 174 млн теңге сомасына шекті бағаны арттырған 827 факт,  39,4 млн теңгенің дәрілік заттарын заңсыз өткізудің 347 фактісі анықталды. Мұнымен қатар 1223 әкімшілік хаттама толтырылып, 213 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Заңсыз айналымнан 10 миллионнан астам дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар алынды", – деді Нұрлыбек Асылбеков.
 
Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу